Фото: kmg.kz«“ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру» АҚ Brent маркасындағы мұнайдың орташа жылдық бағасы бір баррельге 40 доллар мөлшерінде болады деп сүйене отырып, келер жылдың бюджетін бекітті.
«Директорлар кеңесі Брент маркасындағы мұнайдың жылдың орташа бағасы бір баррель үшін 2016-2017 жылдары 40,1 АҚШ доллары мөлшерінде, 2018-2020 жылдары 50,1 АҚШ доллары және 2016-2020 жылдары бір доллар үшін орташа жылдық бағам 300 теңге болады деп, 2016 жылдың бюджеті мен 2016-2020 жылғы бизнес-жоспарды бекітті,- делінген компанияның баспасөз хабарламасында.
ҚМГ БӨ 2016 жылы «Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) бен «Ембімұнайгаз» (ЕМГ) кеніштеріндегі жоспарланған өндіру көлемі 8 434 мың тонна (тәулігіне170 мың баррель) құрайды деп күтіп отыр. Бұл геологиялық-техникалық шаралардың тиімділігін арттыру есебінен 2015 жылы күтілетін мұнай өндіру көлемінен 1 пайызға көп.
Компанияның жорамалы бойынша, ӨМГ мен ЕМГ-нің міндеттемелері бойынша ішкі нарыққа мұнай жеткізу 2016 жылы 2 380 мың тонна (тәулігіне 47 мың баррель) немесе ӨМГ мен ЕМГ-нің жалпы сату көлемінің 28%-ын құрайды. 1 900 мыңдай тонна (тәулігіне 38 мың баррель) АМӨЗ-ге ӨМГ ресурстарынан және 480 мың тонна (тәулігіне 10 мың баррель) – Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) ЕМГ ресурстарынан жеткізілетін болады.
Хабарламада сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз» мұнайларын ішкі нарыққа жеткізу 2016-2020 жылдары біртіндеп ӨМГ мен ЕМГ-нің жалпы сату көлемінің шамамен 45 пайызына дейін көбейетіні айтылған. Компания 2016 жылы және әрі қарай да РФ-на, сондай-ақ өз мұқтаждықтарын өңдеу үшін АМӨЗ-ге де жеткізілім болмайтынын жорамалдап отыр.
Ішкі нарықта сату бағасы 2016 жылы бюджетте АМӨЗ-ге бір тонна үшін 17100 теңге деңгейінде бекітілген. 2015 жылдың төртінші тоқсанында АМӨЗ-ге жеткізілімдер бір тоннасы үшін 16 600 теңге деңгейінде төленген.
2016 жылы 85 млрд (282 мың АҚШ доллары) мөлшерінде күрделі қаржы бөлу жоспарланып отыр. Бұл 2015 жылғы бекітілген жоспармен салыстырғанда 21 пайызға төмен. Пайдалану ұңғымасын бұрғылау көлемдерін 2015 жылы 274 ұңғымадан 2016 жылы 171 ұңғымаға дейін азайту есебінен күрделі қаржы салуды төмендету жоспарланып отыр.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА