Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников Ресей Египеттің Синай түбегінде жолаушылар ұшағын жарып жіберген топты "анықтағанын" мәлімдеді. Бірақ ол жарылысқа нақты қай топтың қатысы барын ашып айтпады.
Бортниковтың сөзінше, Федералдық қауіпсіздік қызметі 31 қазанда ұшаққа жасалған терактіні тексеріп жатыр. "Біз шабуылға кім жауапты екенін шамалап отырмыз. Мұны нақтылау үшін алда әлі біраз жұмыс істеу керек" деді Бортников.
"Когалымавиа" компаниясына тиесілі Airbus-320 жолаушылар ұшағы 31 қазанда Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке ұшып шыққан соң ұзамай апатқа ұшыраған. Апаттан ұшақ бортында 224 адамның барлығы қаза тапқан. Ұшаққа шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.
17 қазанда Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі Синайда құлаған ұшаққа теракт жасалғаны туралы мәлімдеген.
Дереккөз: Азаттық радиосы