Атырау, 19 мамыр 08:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресей валюта айырбастау ережесін қатаңдатты

1 583 просмотра

Image 0Ресей орталық банкі валюта айырбастау ережесін қатаңдатты. 15 мың рубльден артық ақша айырбастаған жағдайда клиент төлқұжатын көрсетіп қана қоймай, идентификациялаудан өтіп, сауалнамаға жауап береді. Жаңа ереже 2015 жылдың 27 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы "Вестник Банка России" басылымында жарияланған қаулыда хабарланды.

Анкетада клиенттің аты-жөні, тегі, әкесінің аты мен құжаттар деректемелері, жеке бас куәлігі, тұратын орны, ЖСН, сонымен қатар, кредит ұйымы берген куәлік көрсетіледі. Ал 15 мың рубльден төмен операцияларда сатып алу-сату рәсімі өзгермейді.

Сарапшылардың пікірінше, норма күшіне енген жағдайда банк кеңселеріне түсетін операциялық жүктемелер ұлғаяды. Кредит ұйымдары мұндай операцияларды қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізеді. Бұл ақша айырбастау орындарының күрт қысқаруына әкелуі мүмкін.

Ресей банкі өкілдері болса жаңа ереже азаматтарға валюта сату, сатып алу кезінде артық қиындықтар тудырмайды деп отыр.

"Егер операция сомасы 15 мың рубльден асып кетсе, идентификациялау жеке басты куәландыратын құжат негізінде жүзеге асырылады. Идентификациялау кезінде алынған кредит ұйымының куәлігі анкетада Ресей банкінің ережесіне сәйкес толтырылады. Заң жобасы жекеменшік тұлғаларды идентификациялық мәліметтерді анкета толтыру жолымен мәлімдеуге мәжбүрлемейді", - делінген Орталық банктің сайтында.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 желтоқсан 2015, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.