Атырау, 26 қараша 14:27
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сарапшылар Ресейде шоколад өндірісі құлдырайды деп болжап отыр

1 910 просмотра

Image 0Сарапшылардың болжауынша, какао шикізатының қымбаттауына байланысты 2016 жылы Ресейде шоколад өндірісінің көрсеткіші төмендейді, деп хабарлайды Lenta.ru.

Кондитерлік өнімдер нарығын зерттейтін орталықтың мәлімдеуінше, 2014 жылмен салыстырғанда, биылғы қаңтар-қазан айларында какао бұршақтарының импорты 27,7 пайызға қысқарып, 35,2 тоннаны құрады. Сонымен қатар, осы жылы ресейлік кондитерлік фабрикалар какао пастасын 5,4%-ға, какао майын 13%-ға кем сатып алған.

2010 жылы какаоның 1 тоннасы 2503 фунт стерлингке (3724 доллар) дейін бір қымбаттаған болатын. Араға бес жыл салып, сол көрсеткіш тағы айналып келгелі отыр.

Орталық мамандары шоколад өндірісіндегі жағдай нашарлайды деп болжады. Бұған халықаралық нарықтағы шикізаттың қымбаттауымен қоса, рубльдің құлдырауы себеп болып отыр.

Дереккөз: bnews.kz


24 желтоқсан 2015, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.