Штанга
Қызылордада ауыр атлетикадан ҚР кубогында атыраулық зілтемірші күміс жүлде алды.
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Анастасия Бурова жұлқа көтеруде 87 келі, серпе көтеруде 87 келі көрсетті. Бұл нәтиже «күміс» медаль әкелді. Спортшыны Тахир Халматов (1-БЖСМ) жаттықтырады.
***
Таеквондо
Ақтауда 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында таэквондодан (WTF нұсқасы) ел чемпионаты өтті.
Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден аса спортшы қатысып, ер балалар мен қыздар арасында 10 медаль кешені сарапқа салынды. Атырау облысының құрамасы керемет өнер көрсетіп, жүлде саны бойынша Алматы қаласынан кейін екінші орын алды. Үшінші орынды Алматы облысы иеленді.
Атырау құрамасының сапында Айдана Еділбаева (42 келіге дейін), Жадыра Хайруллина (59 келіге дейін) және Майра Сүйінбекова (68 келіден жоғары) чемпион атанса, 68 келіге дейінгі салмақта Арайлым Оразақова қола медаль алды. Аманжан Нұрсұлтан мен Ақниет Қабдуллина жеңіс тұғырына бір қадам жете алмай қалды.
- Бұл ҚР чемпионаты келесі жылдың күзінде Канадада өтетін әлем чемпионатына іріктеу ретінде өткізілді, - дейді облыстың аға жаттықтырушысы Сәуле САРДАРОВА. – Айдана, Жадыра және Майра әлем чемпионатына жолдама алып қана қоймай, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Спортшыларды жаттықтырушылар С. Сардарова, Ерлан Алагөзов және Азамат Нұржанов дайындады. Спортшылар мен жаттықтырушылар қолдау көрсеткені үшін облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н. Ермұхановқа, жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры А. Қыздарбаевқа, олимпиадалық резервті дайындау орталығының директоры Марат Жанғалиевқа алғыс айтады.
Суреттерді облыстық таэквондо федерациясы ұсынды
***
Оқ ату
Дене тәрбиесін дамыту өңірлік орталығының қолдауымен Атырау қаласындағы №2 орта мектептің спорт залында пневматикалық мылтық атудан «Жас сарбаз» облыстық чемпионаты өтті.
Финалға мектепішілік және аудандық іріктеу жарыстарында жеңіске жеткендер шықты. Яғни, №2 мектепке ең мерген 13 ұл-қыз жиналды. Нысананың диаметрі
Өз қобалжуын тізгіндей білген, барлық оқты нысанаға дөп тигізген инженерлік-гуманитарлық колледждің оқушысы Анастасия Симионова мен ер балалар арасында Индер ауданының Әуезов атындағы орта мектеп оқушысы Жанболат Қазығалиев үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, Анель Үмбетқалиева, Софья Шалқарова, Ерназар Сабитов пен Максим Кричевский мергендіктерімен көзге түсті.
***
АМУ-дің «Жайық» спорт кешенінде WKF карате-додан (олимпиадалық нұсқа) республикалық турнир өтті.
Жарысқа еліміздің сегіз өңірінен 8-15 жас аралығындағы 200-ге жуық спортшы қатысты. Атырау намысын «Қайсар» СК мен 2-БЖСМ шәкірттері қорғады. Жарыстар жеке және командалық кумите, сондай-ақ, «ката» бағдарламасында өтті.
- Барлық жас дәрежесі санатында бәсекелестік өте мықты болды, - дейді «Қайсар» спорт клубының баспасөз хатшысы Ерлан ҚАБДУАЛИЕВ. – Қатысушылар санының көптігінен жүлделі орындардың бәсі жоғары болды, өйткені, жеңіс тұғырына көтерілу үшін әр спортшыға кемінде 4-5, кейде 6 айқасқа дейін өткізуге тура келді.
Жас спортшылардың қатты толқығандарын атап өту керек. Өйткені, турнирге ҚР Ұлттық карате-до федерациясының құрметті президенті, генерал-мойор Марат Ахметжанов, карате федерациясының вице-президенті Жасталап Санауов және WKF каратеден ҚР құрамасының аға жаттықтырушысы Парвиз Мансуров қонақ болып келді, ал бұлар өз саласындағы өте беделді адамдар.
- Біздің «Қайсар» клубының негізі бағыты Окинавиялық Годзю-Рю карате болып табылады, алайда спортшыларымыз спорттық WKF каратеден де жақсы нәтижелер көрсете алатынын талай рет дәлелдеді, - дейді облыстық карате федерациясының вице-президенті Айбат РАХМАН. – Біз өзімізді әлемдік карате қозғалысының бір бөлігіміз деп есептейміз және спорттық каратенің мықты өкілдерімен ашық спорттық бәсекелестік жолын таңдадық. Техникалар, пікірлер мен әдістердің әр алуандығына келсек, бұл біз үшін жақсы. Оқыту тұрғысынан қарасақ, біздің пікірімізше, дәстүрлі каратеде жасалған кезеңдік дайындық жүйесін сақтау үлкен маңызға ие. Осыдан екі ай бұрын біз Годзюрюдің беделді шеберлерінің «гашуку» семинарын өткіздік, олар «дәстүрлі» каратешілердің спорттық каратеге қатысуын қолдайды екен. Өйткені, дәстүрлі каратенің негізін игермей, спорттық салада жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Турнир иелерінің ішінен қыздар арасында Екатерина Кузьмина мен Злата Гончарева бірінші және екінші орын алды. Жеке кумитеде 8-9 жасар балалар арасындағы жеңімпаздар: 25 келіге дейін – Батырғали Файзолла, 8-9 жас 30 келіге дейін – Жақсылық Қайырлыбек, 10-11 жас 30 келіге дейін – Сағынгали Асылхан, 10-11 жас 35 келіге дейін – Жалғас Ұлмекен, 12-13 жас 45 келіге дейін - Руслан Бекзат, 10-11 жас 40 келіге дейін – Тё Кансей; ер балалар арасында командалық кумете: 11-15 жас – Жаңбыр Бейбарыс, Руслан Бекзат және Сағынғали Асылхан; 12-15 жас - Руслан Бекзат, Мұхан Санжар және Сағынғали Асылхан; қыздар арасында командалық кумите - Карина Крешневская, Валерия Квон және Ксения Гостева; ер балалар арасында командалық ката: 11-15 жас - Жаңбыр Бейбарыс.
Жалпы командалық есепте Атырау облысы 1-орын, Астана 2-орын, Ақтөбе 3-орын алды.
Спортшыларды жаттықтырушылар Айбат Рахман, Сансызбай Торғаев, Ольга Айтжанова, Болат Ізбасқанов, Алексей Любин және Әсел Серікова дайындады.
Дайындағандар Анастасия ПАСТУХОВА, Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ