Атырау, 17 желтоқсан 13:31
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Жастар марапатталды

3 301 рет қаралды

22 желтоқсанда Атыраудағы Салтанат сарайында «Жас дарын-2015» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.

Бұл шара екі жылда бір рет облыстық әкімдіктің қолдауымен өтеді. Биылғы жылы марапатталған жас дарындар: «Үздік жастар ұйымы» - «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігі; «Жастармен жұмыс атқарған мемлекеттік мекеме» - Құрманғазы аудандық Жастар ресурсы орталығы; «Үздік жас қызметкер» - Атырау инженерлік-гуманитарлық институының директорыАбылай ДОСНИЯЗОВ; «Үздік жас кәсіпкер» - Гауһар ІЛИЯСОВА; «Үздік жас волонтер» - Баубек САБЫРОВ; «Үздік жас ұстаз» - Жәнібек НҰРСЕЙІТ; «Үздік жас журналист»- «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісіДинара ҚАНБЕТОВА; «Үздік жас әдебиетші» - Бақытгүл СӘРМЕКОВА; «Үздік жас мәдениет қызметкері» - Тимур ҚОЕСОВ; «Үздік жас дәрігер» - Райса ЕРТІЛЕУОВА; «Үздік жас спорт шебері» -Сұңғат ЗАКАРИЯЕВ; «Үздік жас тәртіп сақшысы» - Руслан САДИРОВ; «Үздік жас әскери қызметкер» - Эльдар ҚОЙШЫБАЕВ.

Іс-шараны ұйымдастырушы, «Алтын топшы» жастар ұйымының жетекшісі Артур ЯХУДАНЫҢ айтуынша, биыл сыйлыққа ұсынылған үміткерлер саны көп болды, сондықтан үздіктерді таңдау оңайға соқпады.

Қайырбек САНСЫЗБАЕВ

24 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.