Жайық өзенінде мұз қатқан соң әуесқой балықшылар мұз астынан балық аулауды бастайды.
Балық қорғау инспекциясының ақпараттары бойынша, әуесқой балық аулау бір балықшыға әр түрлі бес бастан аспайтын қармақпен 5 келіге дейін тегін жүргізіледі. Тыйым салынған күндер – сейсенбі мен сәрсенбі.
Төмендегі балық қыстайтын жерлерден аулауға тыйым салынады:
Бұрғылаушылар – Ақжар ауылына қарсы бет;
Теңдік – Теңдік ауылына қарсы бет,
Водозаборная – «Атырау Су Арнасы» қалалық су тоғаны (1-учаске);
Судан құтқару қызметі ғимаратының тұсы;
Қалалық – АМӨЗ су тоғанына қарсы.
Сондай-ақ, көпірлер астында тәуліктің қараңғы кезінде балық аулауға болмайды.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА