Атырау, 29 қараша 08:40
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​«Иә, лақтырып жатырмыз. Кейін тасып аламыз»

2 121 просмотра

Image 0Оқырманымыз жіберген суретте «Арнайы автобаза» КМК қызметкерлері жинаған лайды төгіп жатқан жер көрсетілген.

- Лайды Хиуаз Доспанова ескерткіші жанындағы теректердің түбіне төгіп жатыр. Бұл қаланың қақ ортасы ғой!- деп наразылығын білдірді Сәуле.

Осы жағдайға түсінік берулерін сұрап Арнайы автобазаға хабарластық, олар мұны растады.

«12.12.12 күнгі облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ бекіткен Атырау облысындағы аббаттандыру ережесі бар. сол құжатта коммуналдық қызметтерге көшеден жиналған қарды белгілі бір жерлерге жинауға рұқсат ететін тармақ бар. Ол кейін арнайы бөлінген жерге тасылады. Әрине, қазір біз қарды емес, оның еріген лайын тазалап жатырмыз, алайда бұны да белгілі бір жерге жинау керек. Кейін, ауа райы тұрақтанғаннан кейін, адамдар мен техника босаған соң, бұлардың бәрін жинап, қала сыртына шығарамыз»,- деп түсіндірді Арнайы автобаза қызметкерлері.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 желтоқсан 2015, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.