Атырауға қытайлық өндірістен шыққан үш «Ютонг» автобусы жеткізілді. Оларды тасымалдаушы - «ЛаВаТранс» ЖШС өз қаржысы есебінен сатып алған. Автобустар Атырау-Орал бағытында жүретін болады.
– Ютонгтер бізде Атырау-Құлсары бағытында жүріп жүр, енді оларды Орал бағытына шығармақпыз, - дейді «ЛаВаТранс» ЖШС директоры Вадим СИНКЕВИЧ.
Оның айтуынша, жаңа қалааралық автобустар өте қолайлы. Қауіпсіздік белдігі бар жолаушылар отырғышы кейін шалқайтылып, көрші жолаушы арасындағы кеңістікті кеңейту үшін бүйіріне қарай жылжытылады. Әрбір отыратын орын бөлек көмескі жарықпен жарақталған, жүргізушіні шақыратын түймесі бар. Салонда фильмдер мен көңіл көтеретін хабарлар көрсетуге арналған екі монитор бар. Бұл алты сағаттық жол жүру кезінде өте маңызды: автобус әжетханамен жабдықталған.
В.Синкевич автобус қауіпсіздігі жағынан да өте қолайлы екенін айтады: әр рейсте екі жүргізушіден болады, жылдамдықты бақылау үшін GPS-жүйесі іске қосылған. Қозғалтқышы автоматты түрде өрт сөндіру жүйесімен жарақталған.
Желтоқсанда қытайлық автобустар жұп күндер бойынша, қаңтарда – тақ күндер бойынша жүретін болады. Теміржол вокзалының жанында орналасқан автовокзалдан қозғалу уақыты: 9.00, 12.30, 20.00. Жолақы құны бұрынғыша – 3500 теңге. Бос орындардың бар-жоғын «ЛаВаТранс» ЖШС-нің анықтама қызметінің 75-67-67 телефон нөмірі бойынша білуге болады.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор