Атырау, 29 қараша 08:57
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Бізге тәуелсіз кәсіподақты еске салды»

2 045 просмотра

22 желтоқсанда «Болат-Жол» ЖШС-нің қысқартуға ұшыраған бұрынғы бірнеше қызметкерлері облыстық сот ғимаратының жанына жалғыз өздері пикетке шықты. Олардың пікірінше, жұмыстан әділетсіз шығарылғандарына осылайша қарсылық білдіруде. Бұрынғы теміржолшылар өздерінің 5 жыл бұрын кәсіпорында тәуелсіз кәсіподақ құруға әрекеттенгендері үшін жұмыстан шығарылғандарына сенімді.

АНЫҚТАМАЛАР КӨМЕКТЕСПЕДІ

Олардың әрқайсысы көп жылдар бойы теміржолда жұмыс істеген, ешқандай алған ескерту мен жазалары жоқ. Машинисттің көмекшісі Нұрмұхамбет ТЫНЫБАЕВТЫҢ айтуынша, ол отбасының жалғыз асыраушысы болған екен. Қысқартуға ұшыраған соң ол кәсіпорынның кадрлар бөліміне отбасының ауыр жағдайын растайтын бүкіл анықтамаларды тапсырған. Жұмыс беруші оларды қарап шығып, оны жұмысқа қайта алуға уәде берген. Үш ай күткенімен ештеңе өзгермеді, ақыр соңында Тыныбаев қалалық прокуратураға шағым жазуға мәжбүр болған.

- 2010 жылы біз қызметкерлердің мүддесін қорғау үшін «Теңіз темір жолы» кәсіподақ ұйымын құрдық, - деп еске алады Тыныбаев. – «Болат-Жол» ЖШС директоры біздің ұйымымызды мойындамай, өзінің «Болат-Жол» кәсіподағын құрды. Бірінші тәуелсіз ұйымды ұйымдастырғандар «қара тізімге» ілінді. Уақыт өте біз де жаңа кәсіподаққа кірдік, бірақ біздің қарсы шыққанымызды ұмытпады. Қысқарту басталған сәтте еске салды. Бұл менің пікірім. Егер бізде қысқартудан кейін кәсіпорын 21 қызметкерді жұмысқа алып, жалақыны 41 пайызға көбейтіпті деген ақпарат бар болса, басқа не ойлауға болады? Бұл кәсіпорында ресурстар бар екенін, бізді жұмыстан шығарудың қажеті болмағанын білдіреді. Оның үстіне, менің жағдайымда жұмыстан шығару кәсіпорында қабылданған «“Болат-Жол" ЖШС қызметкерлерінің санын немесе штатын қысқарту кезіндегі жұмыстан шығару процедурасына» қарама-қайшы келеді. Онда өзінің асырауында еңбекке қабілетсіз екі немесе одан да көп отбасы мүшелері бар қызметкерді жұмыстан шығаруға болмайды делінген. Ал менің 8 және 7 жастағы екі балам, жақында көзіне ота жасатқан анам және көзі көрмейтін ағайым бар, яғни, екі зейнеткер мен үш ота жасатқаннан кейін еңбекке жарамсыз болып қалған әйелім бар.

Үш қызметкердің талап-арызы қалалық сотта қанағаттандырылмады. Облыстық соттың апелляциялық алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

«ЗАҢҒА СӘЙКЕС ШЫҒАРЫЛДЫ»

Біздің жазбаша сауалымызға «Болат-Жол» ЖШС бас директоры Юрий НЕКЛЮДОВ былай деп жауап берді:

«Мұнай, күкірт тасымалдаудың күрт азаюына байланысты және мердігері «Болат-Жол» ЖШС болып табылатын «ТШО» ЖШС тарапынан локомотивтер мен жұмысшы персоналдарға өндірістік қажеттіліктер деңгейінің төмендеуі салдарынан бізде мамыр айынан бастап штат санын кезеңмен қысқарту басталды. 100 адам қысқартуға ұшырады. 20 қызметкерді зейнеткерлік жастағы қызметкерлер кеткеннен кейін бос қалған орындарға ауыстыру арқылы алып қала алдық. Содан кейін қысқартылғандар арасынан 8 адам қайтадан жұмысқа қабылданды.

Жұмыстан шығарылатын қызметкердің құжатына келер болсақ, онда «...процедурасына» сәйкес жүкті әйелдер; 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер; 14 жасқа дейінгі баланы (18 жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар; 14 жасқа дейінгі баланы (18 жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған басқа тұлғалар қысқартуға ұшырамайды. Компанияның қалған қызметкерлері үшін үміткерлерді білімі, еңбек өтілі, лауазымдық міндетін орындауы (тәртіптік жаза, жұмыстағы олқылықтар), марапаты, ниеттестігі, денсаулық жағдайы бойынша қысқарту бекітілген. Әрбір критерий үш балдық шкаламен бағаланды. Оларды арифметикалық тұрғыда қосу арқылы баллы аз қысқартуға үміткер анықталды.

…Қысқартылған қызметкер мүшесі болған кәсіби органның дәлелденген пікірін алу қажеттілігін қоспағанда, қандай да болмасын қоғамдық ұйымға, соның ішінде кәсіподаққа мүшелігі қарастырылмады. Кәсіподақ ұйымының пікірі ескеріліп, екі адам жұмыста қалдырылды. Сіздің сауалыңызда қозғалған «Теңіз Темір Жолы» тәуелсіз кәсіподақтың бұрынғы мүшелерін қудалау мәселесіне келер болсақ, бұл ишара негізсіз, оның үстіне 2011 жылдан бері бұл кәсіподақ жоқ».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

23 желтоқсан 2015, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.