Атырау, 26 қараша 14:46
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

AI: Ресей Сирияда әскери қылмыс жасап отыр

1 611 просмотра

Image 0Идлибтегі Ресей әуе шабуылынан қираған ғимарат. Сирия, 20 желтоқсан 2015 жыл."Сириядағы Ресей әскери-әуе күштерінің әрекетінен көптеген бейбіт тұрғын опат болып жатыр. Мұны әскери қылмыс деп атайды". Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымының бүгін жариялаған есебінде осылай жазылған.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Ресейдің әуе шабуылдарынан жүздеген адам өліп, бейбіт тұрғындар тұратын аудандарда көптеген үйлер қираған. "Бұл шабуылдарда халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу белгілері бар" дейді ұйым сарапшылары.

AI мәліметінше, қыркүйектен қарашаға дейінгі аралықта Ресейдің әуе шабуылдарынан кем дегенде 200 бейбіт тұрғын опат болған. Ал қаза тапқан содырлар саны бірнеше есе кем. Сарапшылар мұндай тұжырымды куәгерлердің көргендері, Ресей әуе шабуылдарының салдары туралы видео айғақтар мен фото суреттерді сараптағаннан кейін жасағанын айтады.

Ұйым сарапшылары "Ресей әскерилерінің халық тығыз қоныстанған аудандарда басқарылмайтын бомба мен кассеталық бомбаларды заңсыз пайдаланғаны жөнінде де айғақтар бар" дейді.

AI есебінде оппозициялық көтерілісшілер бақылауындағы Хомс, Идлиб, Алепподағы нысаналарға жасалған әуе шабуылдарына талдау жасалған. Бұл аймақтар "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы (Қазақстанда террористік ұйым ретінде тыйым салынған - ред.) позицияларынан қашық орналасқан.

AI халықаралық қауымдастықты гуманитарлық құқықтың бұзылуын әділ әрі тәуелсіз түрде тексеріп, жауаптыларды қылмыстық жазаға тартуға шақырады.

Дереккөз: azattyq.org

23 желтоқсан 2015, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.