Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Сирияның Идлиб қаласына Рсеей жасады деген әуе шабуылын айыптап, Сирия территориясын өзіне қосып алу Мәскеудің "империалистік пиғылының бір бөлшегі" бола алмайтынын мәлімдеді.
Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың сөзінше, 20 желтоқсанда көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб қаласының орталығына жасалған әуе шабуылынан ондаған адам мерт болған. Қаладағы базар, бірнеше үкіметтік мекеме мен тұрғын үйге бомба түскен. Мәскеу Идлибке өз әуе күштері шабуылдағанын жоққа шығарған.
Давутоглу Ресей әуе шабуылдарын бастағаннан бері "ұстамды оппозициялық көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындарды" нысанаға алғанын, бұл көтерілісшілер ықпалы жойылған аудандарда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының позициясын күшейтуге әкеп соқтырғанын айтты. Түркия Сирияда қақтығыс басталғалы президент Башар Асад билігін құлатуға шақырып келеді және Ресейдің аймақтағы рөлін жиі сынайды. Парламенттегі басқарушы фракция алдында сөйлеген Давутоглу Түркия Мосул қаласы азат етілмейінше Иракқа әскери көмек көрсете беретінін де хабарлады.
Дереккөз:azattyq.org