Атырау, 7 қаңтар 03:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 512.83
€ 600.58
₽ 6.36

​Шамдар аздау болады

1 855 рет қаралды

Image 0Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды18 желтоқсанда қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ Исатай мен Махамбет алаңындағы басты шыршаның шамдарын жақты. Оған №1 интернаттың тәрбиеленушісі Санагүл ҚУАНЫШЕВА көмектесті.

Бұл кеште алаңда «Жайық қызы», «Успех», «Натали» би топтары, «Фантазия» вокалды ансамблі және басқалардың қатысуымен үлкен қойылым өтті.

Қаладағы басты шыршаның биіктігі – 23 метр. Одан басқа Атырауда тағы 15-і орнатылатын болады. Облыс орталығын мерекелік жарықпен безендіруге қалалық бюджеттен 23 млн теңге бөлінді. Өткен жылы 40 млн бөлінген еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 желтоқсан 2015, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.