Атырау, 9 қазан 07:31
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Алаяқтар көбейіп кетті

2 217 просмотра

Атырау қаласының прокуратурасы қалалықтарды қазіргі уақытта көбейіп отырған алаяқтар тарапынан жасалатын түрлі қулық-сұмдықтарға алданып қалмауға шақырды.

Жыл басынан бері Атырауда 791 алаяқтық жағдай тіркелген, - делінген қалалық прокуратура таратқан баспасөз бетшесінде. «Мұнайлы астанада» жасалған әр оныншы қылмыс ҚК-нің осы бабымен байланысты. Облыс бойынша жасалған алаяқтықтардың төрттен үші Атырау қаласында болған.

Мысалы, 16 тамызда ҚІІБ-нің кезекші бөліміне Т. есімді әйел азамат хабарласып, өзінің ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, үш мың долларға полиция қызметкерлеріне ұсталған туысын босатуға көмек ұсынғаны туралы арызданды. Жыл басынан бері осындай тағы бес қылмыс тіркелген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 желтоқсан 2015, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.