Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путиннің 17 желтоқсанда үлкен баспасөз мәслихаты кезінде Сирияның солтүстігіндегі түркмендер жайлы ештеңе білмегені туралы мәлімдемесіне жауап қайырды. Ердоғанның айтуынша, деп хабарлайдыРИА Новости, ол өзінің ресейлік әріптесіне түркмендер жайлы мәлімет берген.
"Ресейлік тарап түркмендер жайлы ештеңе де білмегенін айтады. Олай емес. Мен құрметті Путинге Байырбуджакта "Ислам мемлекеті" жоқ, онда түркмендер бар деп өз басым айтқанмын. Қазір түркмендерді өлтіріп жатыр. Олар біздің шекарамызға келіп, өлсе де өз жерлерінде қалатынын айтты. Мен мұның барлығын түсіндірдім", - деді Ердоған дүйсенбі күні NTV телеарнасының эфирінде.
Осыдан кейін Ердоған Анкараның ДАИШ террорлық ұйымынан (Қазақстанда тыйым салынған - Авт.) мұнай сатып алды делінген дерек расталса орынтағынан кететінін тағы да бір рет мәлімдеді.
"Егер Түркия Ислам мемлекетінен мұнай сатып алды деген дерек расталса, мен президент орнын босатамын. Бізге жала жауып отырғандар бірінші кезекте Ресейдің адамдары, - олар өз орынтақтарынан кете ала ма?", - деді түрік президенті Бурсада. Ердоғанның айтуынша, егер Түркия лаңкестердер мұнай сатып алса ол бабалар мен ұрпақтардан ұятты болатынын айтты.
Сонымен қатар, Түркия президенті террорлық топтан мұнай сатып алу жөніндегі келісімдерді жасады деп тағы да бір рет Ресей азаматын айыптады, айтуынша, ол шахмат федерациясын басқарады екен, алайда аты-жөні аталмады.
"Орыстарда шахмат федерациясының белгілі төрағасы бар. Ол Ислам мемлекетінен мұнайды сатып алып, оны әлем нарығында саудалайды. Бұл туралы құжаттар АҚШ-тың қаржы министрлігінде бар, біз болсақ бабаларымыз бен ұрпақтарымыздың алдында ұятқа қалғымыз келмейді", - деп мәлімдеді Ердоған.
Осыған дейін "Русская служба новостей" басылымының тілшілері Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжановтан Түркия президентінің ДАИШ-тан мұнай сатып алу ісіне "аты-жөні аталмаған ресейлік шахматшының" қатысы бар екендігі жайлы мәлімдемесіне қатысты түсінік сұраған болатын. Осыған қатысты Илюмжанов мұнай саудасына, оның ішінде Таяу Шығыстағы мұнай саудасына ешқандай да қатысының жоқтығын айтты.
Бұған дейін Ердоған АҚШ-тың Қаржы министрлігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып, ДАИШ-тан мұнайды ресейлік паспорты барсириялық кәсіпкердің сатып алып отырғанын мәлімдеді. "ДАИШ-тан мұнай сатып алып отырған негізгі адам - ресейлік және сириялық паспорттары бар Джордж Хасуани, ол мұнай сатады және режимге - бұл мәліметті АҚШ-тың Қаржы министрлігі хабарлады", - деді Түркия президенті. Хасуани болса бұл сөзді жоққа шығарып отыр.
Ал оның алдында РФ Қорғаныс министрлігінің лауазымдытұлғалары ДАИШ-тың мұнай бизнесіне Ердоған мен оның отбасының қатысы бар деген айыптауларды айтып, тіпті мұнай сату, тасымалдау жолдарын көрсетіп берген болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz