shalkarfm.kz2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында Ресейге 100 мыңнан астам баспана беру туралы өтініш келіп түскен. Ал Германияға бас сауғалап келгендерден 169 мың өтініш қабылданыпты. Бұл жөнінде жұма күні Женевада БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының баяндамасында жарияланды, деп хабарлайды ТАСС.
«Босқындардың таңдауы бойынша Германия көш басында келеді. 2015 жылдың 6 айы ішінде169 мың өтініш келіп түскен»,- деп мәлімделді баяндамада.
«Өтініштер саны бойынша Германиядан кейінгі орынды Ресей иеленген. 100 мың адам ресейлік биліктен пана сұрады. 99 мың 300 мигрант уақытша баспана беруді сұраған, 720 адам босқын дәрежесін беруді өтінді. 2014 жылы Украина мен Ресей арасында болған шиеленістің де ықпалы болды. Өтініштердің 98%-ы Украина азаматтарынан келген»,- деп мәлімдеді Жоғарғы комиссар басқармасы.
Жалпы Украинадан түрлі мемлекеттерге 111 мың 900 өтініш түскен. Ресейден бөлек (98,5 мың) ураиндықтар Германия (2600 мың) және Италия (2400) мемлекеттерінен пана сұрады.
Баяндама мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында кем дегенде 5 млн адам жер аударылып, босқын атанған. Оның ішінде 4,2 млн мигрант бір мемлекет арасында көшіп қонған. 839 мың босқын шетел асып кетті»,- деп мәлімдеді сарапшылар. Осы ақпараттарға сүйенсек, аталмыш уақыт аралығында күн сайын 4600 адам қоныс аударды деп айтуға болады.
Дереккөз: bnews.kz
21 желтоқсан 2015, 12:03