Желтоқсанның 17-сі күні кешкі сағат он шамасында Индербор поселкесіндегі көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің шатыры қатты желдің салдарынан ұшып кетті.
Бұл уақытта колледжде ешкім болмағандықтан, зардап шеккендер жоқ. Колледж директоры Бағытжан ҚОНАСТЫҢ айтуынша, құлаған шатырдың бөлігі 300 шаршы метрдей. Бүгінде осы төтенше оқиғаға байланысты комиссия құрылып, шығын көлемі есептелуде. Айта кету керек, 2012 жылы колледж күрделі жөндеуден өткен болатын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА