"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі суретЖелтоқсанның 17-не қараған түні Атырау-Доссор трассасында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Мақат аудандық ІІБ бізге хабарлағандай, Бейнеуге бағыт алған «Лада Ларгус» автокөлігі аударылған. Жүргізуші - 37 жастағы Өзбекстан азаматы оқиға орнында көз жұмды. 1965, 1989, 1993 және 1996 жылдары туылған төрт жолаушы да Өзбекстан азаматтары, олар жеңіл жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Алдын ала дерек бойынша жүргізуші жол үстінде ұйықтап кеткен.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА