Атырау, 26 қараша 13:57
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

500-ге жуық адам Air France ұшағының бортында өлім аузынан қалды

1 984 просмотра

Image 0

Кения билігі жергілікті әуежайға шұғыл қонған Air France ұшағында бомбаның болғанын растады, - деп хабарлайды Газета.RU Associated Press басылымына сілтеме жасап.

Кениялық мамандардың жарылғыш затты тауып, оны әуежай аумағынан шығарып тастағаны айтылады. Air France әуе компаниясы өз жолаушыларын алып қайту үшін Кенияға қосымша рейс жөнелтті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Air France ұшағының бортында болған бірнеше адамнан Кенияның Момбаса қаласында жауап алынып жатыр. Air France әуе компаниясының Маврикий - Париж рейсіне шыққан ұшағы Кениядағы Момбаса әуежайына шұғыл қонған еді, сөйтсе борттағы дәретханада күмән келтіретін зат табылыпты. Бортта жалпы 459 жолаушы мен экипаждың 14 мүшесі болыпты, олар эвакуацияланды.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 желтоқсан 2015, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.