20 желтоқсанда таңда Атырау қаласындағы жеке сектордың бірнеше аудандары жарықсыз және жылусыз қалды.
Ықшамаудандар мен қала маңындағы Лесхоз, Геолог, Еркінқала, Жұмыскер, Томарлы селоларында жарық шамамен таңғы сағат 5-те апатты түрде ажыратылып қалды. «Атырау Жарық» АҚ қалалық электр жүйелері кәсіпорнының басшысы Ғабиден ҚАНАТОВТЫҢ айтуынша, қар жауып, бір үлкен тұтыну жүйесіне зақым келген.
Бүкіл жеке сектор автономды жылыту жүйесінде болғандықтан үйлерде жарық та, жылу да болмады.
Жөндеу бригадалары алдымен магистралды желіні қалпына келтірді, ал содан кейін трансформаторларды қоса бастады. Кейбір тұтынушыларға жарық кешке қарай қосылды. Бірақ көпшілігі келесі таңға дейін жарықсыз қалған. Ал Ескі әуежай маңындағы Төлеген Айберген көшесінде тұратын тұтынушылар күні бойына жарықтың жиі ажыратылғандығына шағымданды.
Дүйсенбі күні біз қайтадан Ғ.Қанатовқа хабарластық. Оның айтуынша, 20 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты (ВЛ)-6/10кВ электр тарату жүйесінің 41 әуе желісі апатты түрде ажыратылған. Оның 17 әуе желісі - «Атырау Жарық» балансында, 24 әуе желісі мен кабельдік желілер - ТКШ балансында тұр.
Апатты ажыратулар себебі:
«Тарату пункті ғимаратының (ТП-31 Жұлдыз 2, ТП-44 Еркінқала-2) төбесінен электр жабдығына еріген су құйылды. Бұл ТП – Атырау қалалық ТКШ балансында тұр. Сулы қар (КТП)-6/10 кВ кешенді трансформаторлық пункттің өтпелі оқшаулағышына жабысып қалған. Қардың мол жаууы және оның еруі салдарынан тірек оқшаулағышы ажыратылды».
Жарықтың жиі өшуіне байланысты:
«Жеке тұтынушылық КТП-ға техникалық қызмет көрсетудің болмауы әуе желісіне қосылған басқа тұтынушылардан жарықты ажыратып тастауға әкеліп соқтырды. Бұл КТП РЛНД ажыратқышынан ажыратылды. Әуе желісі іске қосылғаннан кейін бұл тұтынушылар оқшаулағышты тазалап сүртпестен, КТП-ны өз еріктерімен қосып алған. Бұл қайтадан әуе желісінің ажыратылуына әкеліп соқтырды.
Жеке тұтынушылық КТП-ның жалпы саны – 324. Оның ішінде 38-інің ғана «Атырау Жарықпен» жасасқан техникалық қызмет көрсету келісімшарты бар».
Сәуле ТАСБОЛАТОВА