Атырау, 9 қазан 07:31
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Гус Хиддинк «Челсидің» тізгінін ұстайтын болды

2 264 просмотра

Лондонның «Челси» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кеткен Жозе Моуриньоның орнын Гус Хиддинк басатыны белгілі болды. Бұл туралы «Лента.Ру» мәліметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

«Ресей құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Гус Хиддинк Лондонның «Челси» футбол клубында Жозе Моуриньоны алмастырады», делінген The Telegraph хабьарламасында. Голланд маманы команданы маусым соңына дейін жаттықтырады.

«Челси» 17 желтоқсан күні Моуриньоның кететіні туралы хабарлады, тараптар екі жақтың мәмілесі бойынша келісімді тоқтатты. Ал «Челси» қазір 16 турдан кейін 15 ұпаймен 16-орында келеді. Жалпы, Англия чемпионатында 22 команда ойнайды.

Португалдың 54 жастағы маманы Моуриньо «Челсиді» бұдан бұрын 2004-2007 жылдар аралығында жаттықтырған болатын. Ол командаға 2013 жылы қайта келіп, оны Англия чемпионаты мен Лига Кубогында жеңіске жеткізді.

Хиддинк 2009 жылы бірнеше ай «Челсидің» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы болды. Бұл жұмысты ол Ресей құрамасының бас жаттықтырушылығымен қоса атқарды. Ол Лондон клубына сол жылы Англия кубогын алғызып берген еді. Хиддинктің соңғы командасы Нидерланд құрамасы болды. Ол бұл орыннан 2015 жылғы маусым айында кетті.

Дереккөз: ras.kz

18 желтоқсан 2015, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.