Англияның Лондон қаласы «Челси» командасының бас жаттықтырушысы Жозе Моуриньо өзінің тұғырын тастап кетті. Бұл туралы «Вести.Ru» хабарлады.
Бас жаттықтырушының отставкаға кетуіне команданың Англия чемпионаты премьер-лигасында барынша сәтсіз өнер көрсетіп жатқаны себеп болған.
Португал маманы бүгін, 17 желтоқсан күні осындай желеумен қызметінен босатылды.
Расында «Челси» бұл чемпионатты өте сәтсіз өткізіп жатыр. Ол 16 турдан кейін бар-жоғы 16 ұпай ғана жинап, турнир кестесінің соңғы орындарының бірінде келеді. Ол төменгі топқа ұшып кететін аймақтан тым жақын тұр.
Енді «Челсидің» басшылығы португал маманына контрактіні мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы төлейді. Бірақ оның орнын кім басатыны айтылып жатқан жоқ.
Жозе Моуринью «Челсиді» әуелі 2004-2007 жылдары жаттықтырған болатын. Осыдан кейін ол итальянның «Интер» және испанның «Реал» командалары тізгінін ұстады. Ал Лондон клубына 2013 жылы қайта оралып, оған үшінші мәрте чемпиондық атақ алып беруге көмектесті.
Бұдан бірнеше күн бұрын Жозе Моуриньо клубтың қожайыны Роман Абрамовичпен кездескенін, екеуара ымыраға келгендерін, командада жұмыс жасай беретін болғанын айтып еді.
Дереккөз/фото: ras.kz