Атырау, 21 желтоқсан 23:51
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 912 просмотра

БАСКЕТБОЛ

Құлсарыда Руслан Көпековты еске алуға арналған баскетболан 4-інші облыстық турнир өтті.

Жарысқа Атырау қаласы, Махамбет және Исатай аудандарынан бір-бір команда, Жылыой ауданынан 4 команда - «Жылыой», «Құлсары», «Мұнай Сервис» және «Самал» ұжымдары қатысты.

1-орынды исатайлықтар, 2-орынды Атырау қаласы, 3-орынды «Мұнай Сервис» командасы алды. Үздік ойыншылар: ойынға қосушы – Аманжан Сүйеуов (Исатай ауданы), ең пайдалы ойыншы – Аман Сақыпов (Атырау қ.), қорғаушы – Сағыныш Сүндетбаев («Мұнай Сервис»), шабуылшы – Асылбек Оралбеков («Жылыой»).

ДЗЮДО

АМУ-дің «Жайық» ДСК-нде 2000-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдодан еңбек ардагері Жанай Берікқалиевқа арналған ашық республикалық турнир өтті.

Жарысқа Әзірбайжан, Ресей және Қазақстанның көптеген облыстарынан командалар қатысты. Облыс құрамасы сапында келесілер жеңімпаз атанды: Құралбек Саталиев (42 келіге дейін), Абусамат Бақыт (46 келіге дейін), Жәнібек Тельман (50 келіге дейін), Дінмұхаммед Шалинов (60 келіге дейін), Серікболсын Шынтас (73 келіге дейін) және Аян Өмірбек (73 келіден жоғары).

Командалық есепте бірінші орынды және 300 мың теңге көлеміндегі сыйлықты «Атырау-1» командасы алса, екінші орын мен 200 мың теңгені Оңтүстік Қазақстан облысы құрамасы, үшінші орын мен 100 мың теңгені «Атырау-2» командасы алды. Ж. Тельман мен С. Шынтас үздік техникасы үшін сыйлығына ұсынылып, 30 теңге сыйақы алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


17 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.