Атырау, 29 қараша 08:32
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Ембімұнайгаз» қысқартусыз амалдауға уәде берді

2 721 просмотра

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз турын өткізді.

БАҚ өкілдеріне ұсынылған ақпараттан: бүгінде «Ембімұнай» АҚ өндірістік («Жайықмұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз») және қосалқы («Ембімұнайэнерго» және «Өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды комплектациялау басқармасы») алты бөлімшеден тұрады. Жұмысшылардың жалпы саны - 5 560 адам. Келер жылы елде жаңа Еңбек кодексі күшіне енетіндігіне қарамастан, «Ембімұнайгаз» ұжымдық келісімшартты толықтай ауыстырмай, қосымша келісімшартқа қол қоюмен шектелетін сияқты. Өйткені, кәсіпорынның ұжымдық келісімшарты «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұлттық байқауында үздік деп танылды.

Келер жылы бұл жерде жұмыс орындарын, жалақы мен әлеуметтік төлемдерді қысқартуды жоспарламайды. Кәсіпорын бюджеті екі нұсқаға есептелген – мұнайдың бір баррелі үшін 30 және 40 доллар бағамен. 2015 жылы 2,8 млн тонна мұнай мен 187 млн м3 ілеспе газды өндіру жоспарланды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде: мұнай – 2,33 млн тонна жоспарланғанда 2,34 млн тонна, ілеспе газ – 155,6 млн жоспарланғанда 157 млн м3 өндірілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.