Атырау, 29 қараша 09:00
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ипподром кейінге қалдырылатын болар

2 128 просмотра

«Бүгінде құрылысты қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ», - деп жауап берді «АЖ»-ның Атырау қаласында ипподром салу жөніндегі жоспарға байланысты жіберген сұранысына облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Нұржан ЕРМҰХАНОВ.

Биылғы жылдың 16 наурызындағы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша, Талғайраң ауылы маңында ипподром салу 2,5 млрд теңгеге бағаланған еді. Жобаға мың адамға арналған жабындысы бар трибуна, ұзындығы 2 012 метр және ені 20 метр ат шабыс жолы, көкпарға арналған алаң, 60 отыратын және 60 тұрып тұратын орны бар жабық манеж, әрқайсысында елу өжіресі бар төрт ат қора, жылқыларға арналған ашық бассейн кірді.

«Дегенмен, 2013 жылғы 1 қазанда көкпар, бәйге, құсбегілік, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу және қазақ күресі сияқты ұлттық ойындарды дамыту мақсатында облыста «Облыстық ұлттық спорт түрлері клубы» КМҚК құрылды. Спортшылар түрлі жарыстарға қатысып, жүлде алып жүр. Ипподром спортшылардың фестивальдерге және түрлі турнирлерге сапалы дайындалуына мүмкіндік беріп, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге база ретінде қызмет етер еді», - деп үмітін үзбей отыр Н. Ермұханов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.