ҚР атом және энергетикалық бақылау және қадағалау Комитетінің Атырау облыстық департаменті 2015-16 жылдар жылу беру маусымынан «штаттық режимде» өткені туралы мәлімдеді.
«Тұтынушыларды жылумен қамту бекітілген температуралық кестемен жүзеге асырылып жатыр, - делінген энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы Мейіржан ҒҰБАШЕВТЫҢ Комитет сайтында жарияланған хабарламасында. – «АЖЭО» АҚ-та тоғыз қазан агрегаты, жеті турбо агрегат жұмыс жасауда, бес қазан агрегаты мен бір турбо агрегат резервте тұр, екі турбо агрегатында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардан шығатын электр қуатының көлемі 212 мегаватты құрайды. Газдың тәуліктік шығыны – 2,1 млн текше метр. Жылу электр орталықтары қоймаларында қажетті резервтік отын қоры – бес күнге жететін 5280 тонна мазут бар. Атыраудағы сыртқы ауа температурасы орта есеппен +3 градусты құрайды.
Облыстағы барлық қуат кәсіпорындары жоспарланған жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес орындады және 2015-2016 жылдардағы қысқы кезеңде жұмысқа дайын екендігі жөнінде төлқұжаттарға ие болды. Қазіргі уақытта олар бір қалыпты жұмыс жасап тұр».
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ