Атырау, 26 қараша 13:32
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресей халықаралық сот үкімін терістейтін заң қабылдады

1 924 просмотра

Image 0

Ресей президенті Владимир Путин бүгін конституциялық соттың халықаралық немесе мемлекетаралық соттардың Ресейге қарсы шығарған үкімдерін орындамауға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Заң бұған дейін мемлекеттік дума мен федерация кеңесінің мақұлдауынан өткен.

Заңда Ресей, ресейлік азамат немесе заңды тұлға халықаралық сот шығарған үкімді орындауы тиіс пе деген мәселе туғанда Ресей конституциялық соты "Ресей конституциясының заңдық күші мен үстемдігін басшылыққа алуы тиіс екені" айтылған.

Құжат Ресейдің халықаралық соттарда бұған дейін бірнеше рет даулы істерде жеңіліп, айыппұл төлеуге міндеттелгеніне жауап ретінде қабылданған.

Жаңа заң Ресей президенті мен үкіметіне халықаралық сот үкімдеріне берілген шағымды Ресей конституциялық сотына жолдауына мүмкіндік береді.

Дереккөз:azattyq.org

15 желтоқсан 2015, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.