Атырау, 29 қараша 08:44
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Педофилдер көбейді

2 247 просмотра

Атырау облысында кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың көбейгендігі тіркеліп отыр.

Жаңа қылмыстық-іс жүргізу кодексінде осындай жағдайлар бойынша тергеуге дейінгі тексеру кезеңі алып тасталған, яғни, қылмыстық іс автоматты түрде қозғалады.

Облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Еркебұлан ӘДІЛҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, биылғы жылдың тоғыз айы ішінде полицияға кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер туралы 30 мәлімдеме мен хабарлама келіп түскен – бұл 2014 жылғы кезеңмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Оның ішінде 22 жағдай Атырау қаласында, бесеуі Құрманғазы ауданында, екеуі Қызылқоға мен бірі Мақат ауданында.

Анастасия ПАСТУХОВА

15 желтоқсан 2015, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.