Кремль Ресей президенті Владимир Путин 15 желтоқсанда Мәскеуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесетінін растады. Кездесуге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қатыспақ. Керри Путинмен кездесуіне дейін Лавровпен жеке кездеседі.
11 желтоқсанда Ақ үй алда келіссөз болатынын хабарлаған. Ресей сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Лавров пен Керри телефонмен сөйлесіп, исламшыл террористік топтар тізімін түзуді аяқтауға келіскен. Бұған қоса министрлер Сирияға қатысты бұрынғы келісім Дамаск мен ұстамды оппозиция өкілдері қақтығысты тоқтату туралы жаңа келіссөз бастағанға дейін іске асуы тиіс деген ұйғарым жасаған.
Дереккөз: azattyq.org