Атырау, 26 қараша 13:56
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Йеменде уақытша бітім күшіне енеді

1 473 просмотра

Image 0

Сауд Арабиясы бастаған коалиция қолдайтын Йемен үкіметі 15 желтоқсанда жергіліті уақыт бойынша түс кезінен бастап уақытша бітім орнайтынын хабарлады. Бітім уақыты Швейцарияда өтетін Йемендегі қақтығысты тоқтату туралы келіссөз басталатын уақытпен сәйкес келіп тұр.

Коалиция қолдайтын үкіметшіл күштер осы жылдың басында шииттік хусит көтерілісшілері мен олардың одақтастарын елдың басым аймағынан ығыстырып, президент Абд-Раббу Мансур Хади билігін қалпына келтірген. Коалиция 14 желтоқсанда бітім орнағанына қарамастан "бітім бұзылса оған жауап қату құқығына ие" екенін мәлімдеген.

"Қақтығысты тоқтату мерзімі келіссөз өтетін 15 желтоқсаннан 21 желтоқсанға дейін созылады және ол қарсы тарап келіскен жағдайда ұзартылады" делінген үкімет мәлімдемесінде.

Йеменде Сауд Арабиясы бастаған коалиция мен Иран қолдайтын хусит көтерілісшілері арасында тоғыз ай болған қақтығыстан 6 мыңға тарта адам қаза тапқан.

Бұдан бұрын БҰҰ-ның келіссөз жүргізіп, бітім орнату әрекеті сәтсіз болып, Йеменде гуманитарлық дағдарыс пен тұтастай қирауға әкеп соқтырған.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырлары мен "Әл-Қаиданың" Араб түбегіндегі бөлімі Йемендегі қақтығысты пайдаланып, елдің оңтүстігі мен шығысын басып алған.

Дереккөз: azattyq.org

15 желтоқсан 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.