Атырау, 26 қараша 13:32
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Әзербайжанда Каспийде мұнайдың төгілуіне қарсы жұмыс тобы құрылды

3 032 просмотра

Image 0Әзербайжанда «Гюнешли» кенішінде болған апатқа байланысты мұнайдың төгілуіне қарсы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Тренд агенттігі.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, топқа Әзербайжан ТЖМ, SOCAR (Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы) және BP компаниясы кіреді.

«Қазіргі уақытта апат салдарынан туындаған қиындықтар шешіліп жатыр. «Құйын-5» және «Құйын-8» кемелері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп, 2 тікұшақ пен «B-200ÇS» із-түссіз жоғалған мұнайшыларды іздестіруде»,- деп хабарлады агенттік.

Трендтің хабарлауынша, ТЖМ-ның «Светломор» және «Сунмар» кемелері апаттың алдын алу мақсатында су бетінде қоршаулар құрып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясына тиесілі терең суда бұрғылау платформасындағы өрт төртінші желтоқсан күні жергілікті уақытпен сағат кешкі 17:40-да басталды. БАҚ-тың ақпаратынша, тілсіз жаудың тұтануына газдың шығуы себеп болған.

Дереккөз: bnews.kz


14 желтоқсан 2015, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.