АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай халық банкі дүйсенбіде АҚШ долларына юань бағамын (долларына 6, 4495 юаньға дейін) төмендетті, делінген Қытай валюталық сауда жүйесі (CFETS) сайтындағы хабарламада.
Осылайша, қытай валютасы 137 тармаққа немесе 2 пайызға - 2011 жылғы шілдедегі деңгейге дейін арзандады. Юаньның арзандауы 2014 жылғы жазда басталды, ең күрт төмендеу 2015 жылғы тамызда орын алды - юань үш күн ішінде 2, 813 тармаққа немесе 4,6 пайызға құлдырады, деп атап өтеді РИА Новости.
Долларға қатынасы бойынша юаньның орталық паритеттік бағамы әр жұмыс күні банкаралық нарықтың ашылуына дейін маркетмейкерлер ұсынған орташа өлшемді бағаға негізделеді.
Қытай валютасы 2005 жылы жазда нығая бастағанға дейін долларына 8,3 юаньға жуық тұрақты белгіде ұзақ тұрды. 2008 жылғы күзден бастап юань жылға жуық 6,8 деңгейінде ұсталды - 2009 жылғы қыркүйекте қайта өсе бастады.
ХВҚ атқарушы кеңесі 30 қарашада юаньді 2016 жылғы 1 қазаннан бастап доллар, еуро, фунт стрелинг және иен кіретін SDR қоржынына енгізу шешімін қабылдады. Қор шешімі халықаралық сарапшылар мен талдаушылардың күткенімен сәйкес келді, олар жаһандық саудада Қытайдың рөлін тану қажеттігін айтқан болатын.
Дереккөз: inform.kz