Атырау, 29 қараша 08:38
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Заңгерлер емес, дәнекерлеушілер қажет

2 111 просмотра

Нұрсая ықшамауданындағы Салтанат сарайында «Білім беру: әріптестер диалогы» атты облыстық форум өтті.

Форумда негізінен дуалды оқыту жүйесін дамыту мәселесі сөз болды. Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – студенттердің теориялық алған білімін іс-тәжірибеде қолдануы, яғни болашақ мамандар санына тапсырыс берген кәсіпорындарда теорияны өндіріспен ұштастыруы, жұмыс орындарында алып жатқан кәсіптік білімі бойынша оқи жүріп жұмыс жасауы.

Қазіргі жағдайда Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкері Рафхат БОЗБАЛИЕВТЫҢ айтуынша, бүгінде өңірімізге дипломы бар заңгерлер немесе экономистер емес, құрылысшылар, слесарьлар, дәнекерлеушілер секілді тағы басқа жұмысшы мамандар қажет. Р.Бозбалиевтің пікірінше, педагогтар жалпы білім беретін мектептерден бастап-ақ оқушыларды осыған бейімдеулері тиіс, сол кезде жұмысқа орналастырудан қиындықтар да, проблемалар да аз болады.

Ал, шараның жағымды бөлігі үздік педагогтарды марапаттауға арналды. Олардың арасында білім министрлігінің «Құрмет» грамотасымен Жамбыл атындағы орта мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Бибігүл ДІЛМҰХАНОВА, Жылыой аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Жанар ҚАЗИЕВА, Исатай ауданы «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Гүлнәр ӨТЕҒАЛИЕВА, Исатай ауданы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахима ЕРМҰХАНОВА және Мақат аудандық О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлзада АЙТИМОВА марапатталды.

Бұдан бөлек, облыстық білім беру басқармасы бірқатар педагогтар мен ата-аналарды және компаниялар басшыларын алғыс хатпен және «Үздік әлеуметтік серіктес» белгісімен марапаттады. Олардың арасында №1 мектепке дейінгі авторлық гимназияның серіктесі ретінде марапатталған біздің әріптесіміз, «Ақ Жайық» газетінің компьютерлік бөлімнің басшысы Техмад ҚАЙЫРЖАНОВ та бар екен.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

14 желтоқсан 2015, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.