Атырау, 26 қараша 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Түркіменстан Үндістанға газ құбырын сала бастады

1 407 просмотра

Image 0Түркіменстан Ауғанстан, Пәкістан және Үндістанға газ құбырын сала бастады, деп хабарлады Рейтер агенттігі.

Жоба құны 10 миллиард доллар. Бұл Түркіменстанның Қытайға табиғи газ экспортында тәуелділігін азайтады.

Газ құбыры құрылысының басталуының ресми шарасы "Галкыныш" газ кен орны жанындағы Мара қаласының маңында өтті.

"ТАПИ" газ құбырының жалпы ұзындығы 1814 километрді құрайды. Түркіменстан аумағында 214 километр, Ауғанстан аумағында 774 километр, Пәкістан аумағында Үндістан шекарасына дейін 826 километр құбыр салынады. Жыл сайын құбыр 33 миллиард текше метр газ өткізетін болады.

Құрылысты бастау шарасында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов жұмыс 2019 жылдың желтоқсанына қарай аяқталатынын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

14 желтоқсан 2015, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.