Атырау, 26 қараша 12:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресей Түркия әскери атташесін шақыртып алды

1 805 просмотра

Image 0Ресей қорғаныс министрлігі ресейлік әскери кеме Эгей теңізінде балық аулайтын қайыққа ескерту ретінде оқ атқан оқиғадан соң Мәскеудегі Түркияның әскери атташесін келіссөз жүргізуге шақыртып алды.

Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында хабарлауынша, 13 желтоқсанда "Сметливый" қарауыл кемесі Эгей теңізінің солтүстік бөлігінде, Грекияның Лемнос аралынан 22 километр қашықтықта тұрған оған түркиялық балық аулаушы қайығы жақындап барған. Бұдан соң ресейлік кеме "қақтығыс туып кетпеуі үшін" қайыққа ескерту ретінде оқ атып, қайық бағытын өзгерткен.

"Сметливый" кемесі Эгей теңізіне Ресейдің Сириядағы әскери операциялары аясында апарылған.

Дереккөз:azattyq.org

14 желтоқсан 2015, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.