Атырау, 9 қазан 05:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Сауд Арабиясында тұңғыш рет әйелдер жергілікті сайлауға қатысты

2 419 просмотра

Image 0Сауд Арабиясында тұңғыш рет әйелдер жергілікті сайлауға қатысты, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Сайлау нәтижесі бойынша бірден үш әйел муниципалитеттерден орын алды - екі әйел Лума әл Сүлейман мен Раша Хифдим Жиддада өткен сайлауда жеңсе, Сальма әл Отейби Меккеде жеңіске жетті. Сайлаудың нақты қорытындысы 13 желтоқсан күні жарияланады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Иранда әйел адамның тұңғыш рет елші болып сайланғаны айтылған еді. Ел президенті Хасан Роухани Иранның Малайзиядағы жаңа елшісі болып әйел адамның сайланғанын хабарлады, ол - Марзие Афхам. "Иран әйелдері қоғамдық, спорттық, басқару саласына белсенді әрі табысты түрде араласып жүр. Сонымен қатар, иран әйелінің елші болып тағайындалғаны әңгіме салмақты әрі ауқымды қызмет жайында болғанда гендерлік мәселенің бұған ешқандай қатысының жоқ екенін көрсетіп берді", - деді Роухани.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 желтоқсан 2015, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.