Атырау, 22 желтоқсан 06:10
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 443 просмотра

Дзюдо


Жаңаөзенде 2001-03 ж.т. ер балалар арасында дзюдодан Шотан батыр Назаұлының 310 жылдығына арналған ашық қалалық турнир өтті.

Атыраулықтардың қоржынында екі жүлде: «алтын» – Мақсат Абрахман (50 келіге дейін), «қола» – Асылхан Мұхсинов (30 келіге дейін).

***

Қызылорда облысының Жалағаш ауылында 2001-03 ж.т. ер балалар арасында журналист Мұрәлі Шаменовты еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтті.

Атыраулық спортшылар арасынан келесілер жүлдегер атанды: «алтын» – Дәулет Қонысбайұлы (46 келіге дейін), Ұлықбек Әбылхайыров (50 келіге дейін), «қола» –Мақсат Абдрахман (50 келіге дейін) және Азамат Сапарғалиев (73 келіден жоғары).

Футзал

«Балықшы» ДСК-нде облыстың құқық қорғау органдары арасында мини-футболдан турнир өтті.

Жарысқа 12 команда қатысты. Турнир қорытындысында ІІД командасы 1-орын, «Күзет» күзет қызметі командасы 2-орын, ТЖД 3-орын алды. Үздік ойыншылар: шабуылшы – Асылан Мұқашев (Құрманғазы АІІБ), қақпашы – Тұрлан Карасов (Исатай АІІБ), қорғаушы – Ержан Әміров (ІІД).

Кикбоксинг

Қазақстан құрамасы додалы жарыста бір күміс және төрт қола медаль алды.

Қола жүлделердің бірін құрама қоржынына атыраулық файтер, мұнай және газ институтының студенті Абзал Дүсіпов салды. Абзалдың жаттықтырушыларының айтуынша, жартылай финал айқасында Абзал басымдыққа ие болған, алайда төрешілер өз дауыстарын ресейлік қарсыласына берген. Естеріңізге салсақ, А. Дүсіпов 2013 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогының бірнеше дүркін иегері, биыл кәсіпқойлар арасында Азия чемпионы атанды. Спортшы жарыстарға бару шығынын көтерген «Интергаз – Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГБ директоры Абай Тұрсынханұлы Әмірхановқа алғыс айтады.

Бокс

Ақтөбеде КСРО спорт шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған бокстан 17-халықаралық турнир өтті.

Облыс құрамасының нәтижелері мынадай: «алтын» – Тоқтар Оспан (81 келіге дейін), «күміс» – Ерік Қанымжанов (49 келіге дейін), Ануарбек Бекімбетов (60 келіге дейін) және Есенаман Шұнғарин ( 91 келіге дейін), «қола» – Данат Қарымсак (64 келіге дейін) және Батырхан Ғаббасов (75 келіге дейін). Құрама команданы аға жаттықтырушы Қанат Орақбаев, жаттықтырушылар Ерболат Бисекенов пен Саламат Мұхамеджанов дайындады.

Футзал

«Балықшы» ДСК-нде облыстың құқық қорғау органдары арасында мини-футболдан турнир өтті.

Жарысқа 12 команда қатысты. Турнир қорытындысында ІІД командасы 1-орын, «Күзет» күзет қызметі командасы 2-орын, ТЖД 3-орын алды. Үздік ойыншылар: шабуылшы – Асылан Мұқашев (Құрманғазы АІІБ), қақпашы – Тұрлан Карасов (Исатай АІІБ), қорғаушы – Ержан Әміров (ІІД).

Таэквондо

Ақтөбеде таэквандодан Қазақстан кубогы өтті.

Облыс құрамасының нәтижелері: 73 келіге дейін салмақта Айгүл Елубай «алтын» алса, Жұлдыз Бүркітова (67 келіге дейін) мен Динара Ұзақбаева (73 келіден жоғары) «күміс» иеленді. Ерлер арасында тек «қолаға» ғана қол жеткізілді: Сағадат Жолдасбаев (54 келіге дейін) пен Амантұр Табылдиев (63 келіге дейін) үшінші орын алды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.