Атырау, 5 желтоқсан 12:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оқиғалар тізбегі

2 976 рет қаралды

Полицияға қала тұрғыны шағымданды. Теміржол вокзалы алдындағы автобус аялдамасында тұрған кезде белгісіз жас жігіт қалтасынан ұялы телефонын ұрлап алған екен. 32 жастағы күдікті ұсталды.

***

Атыраудың 32 жастағы тұрғыны 7 желтоқсанға қараған түні Бесікті поселкесінде тұратын туысы оның үйінен ВАЗ-2114 көлігінің қосалқы бөлшектерін қолды қылғанын полицияға хабарлады. Зиян 40 мың теңгені құрайды. Тергеу жүргізілуде.

***

Атыраудың 42 жастағы тұрғыны биылғы жылдың қазанында 34 жастағы танысының ортақ бизнес ұйымдастыруды ұсынып, одан миллион теңгедей ақша алып, ғайып болғанын мәлімдеді. «Серігіне» іздеу жарияланды.

***

Желтоқсанның 6-ына қараған түні Атырауда Бейбарыс даңғылы бойындағы мейрамхана маңында Индер ауданының 28 жастағы тұрғынын тонап кетті. 1 300 теңге мен ұялы телефон тонаушының олжасына айналды. Полиция күдіктіні – 22 жастағы Жылыой ауданының тұрғынын ұстады.

***

Желтоқсанның 7-іне қараған түні моншалардың бірінен 56 жастағы Атырау қаласының тұрғынын тонап кетті. Шалбарының қалтасынан 285 мың теңге жоғалып кетіпті. Ұрлық жасады деген күдікпен Ақжар поселкесінің 33 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

***

Желтоқсанның 6-ына қараған түні Құлсары қаласында белгісіз біреу КамАЗ көлігін айдап кетіп, Теңіз вахталық поселкесінде ұсақ жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан ғайып болған. Көлік ұрлаушыға – 33 жастағы құлсарылыққа іздеу жарияланды.

10 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.