Құрманғазы ауданы
Аудан әкімдігіне ауыл шаруашылығы жұмысымен айналысу мақсатында жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру туралы 32 өтініш түскен.
Бүгінде «Нива» учаскесінен 300 гектар, «Көзбол» учаскесінен 275 гектар жер белгіленген. Сонымен қатар, бұл жерлерді қалпына келтіру үшін рекультивациялық жұмыстар жүргізілмек.
***
Мақат ауданы
Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округіндегі 20 үй таза су және көгілдір отынға қол жеткізді.
11 шақырым газ құбырын жүргізуге бюджеттен 109 млн теңге жұмсалды. Жұмысты «БолатД» ЖШС атқарды.
Ал бір шақырым су құбырын мердігер «ТЭСС» ЖШС тартып берді. Бұл жұмысқа бюджеттен 10 млн теңге жұмсалды.
***
Доссор поселкесіндегі «Болашақ», «Құрылысшы», «Шығыс» мөлтек аудандарындағы 370 тұрғын үйге дейін газ құбыры тартылды. Жұмысты «АтырауЖБИ» ЖШС орындады. Жұмыс құны - 172 млн теңге.
Ал «БиЫрыс» ЖШС осы поселкедегі екі нысан - «Қарлығаш» балабақшасына (53 млн теңге) және әкімдік ғимаратына (32 млн теңге) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА