Атырау, 5 желтоқсан 12:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Миллиондар жұмысы орындалмаған

1 877 рет қаралды

Махамбет аудандық прокуратурасы аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының тарапынан «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су беру жүйелерін дамытуға облыстық бюджеттен бөлінген 198 млн теңгеге бағаланған жұмыстардың орындалмауына жол берілген құқықбұзушылық фактісін анықтады.

- Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысы заңда көрсетілмеген артықшылықтарға бару арқылы су тазарту қондырғысын қабылдап алған, - дейді Махамбет аудандық прокуратурасының аға прокуроры Ақтолқын БУДЕНОВА. - Алайда, мердігер жұмыстарды дұрыс орындамаған. Осылайша құрылыс бөлімінің басшысы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-бөлігі 4-тармақшасында («Шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету») көрсетілген құқық бұзушылыққа жол берген. Біз Атырау облысы бойынша Тәртіптік Кеңеске заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс жолдадық.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.