Атырау, 29 қараша 07:58
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

67 мың отбасы жер сұрайды

1 805 просмотра

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

«Жас Отан» жастар қанатының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар БОПЫЛДЫҚОВТЫҢ айтуынша, 2014 жыл мен 2015 жылдың 9 айында білім саласында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық жасалған. Қалалық білім бөлімінің басшысы Бақберген ҚАРАБАЕВТЫҢ пікірінше, бұл ретте туындап отырған қиындықтар мектеп директорларына тек экономикалық сауаттылықтың жетіспеушілігінен емес, сондай-ақ, уақыт тарлығынан болып отыр. Ол мектептер үшін мемлекеттік сатып алуды арнайы бөлек ұйым өткізсін деген ұсыныс айтты.

«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» ҮЕҰ-ның төрағасы Ұлықбек ТІНӘЛИЕВТЫҢ баяндамасында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бақылауындағы салаларды тексеру кезінде 6,7 млн теңгені құрайтын қаржы бұзушылықтардың анықталғаны айтылды. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Төлеп ОРЫНБАСАРОВ жер телімдерін бөлу туралы 67 000 өтініштің барын айтып өтті. Олардың басым бөлігі қала аумағынан жер сұрайтындар. Сондай-ақ, Т.Орынбасаров қай елді мекеннің де бас жоспары болмаса, ол жерден жер телімі берілмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде 7 аудан бойынша 166 елді мекен болса, солардың ішінде 38-інің ғана бас жоспары бар. Биыл тағы 48 елді мекеннің бас жоспары жасақталған.

Айнұр САПАРОВА

9 желтоқсан 2015, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.