Аудандық және олармен теңестірілген облыс соттарының жаңа төрағалары таныстырылды.
Бұрын Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына басшылық еткен Базарғали ҚАДЫРҒАЛИЕВ Махамбет аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды. Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы лауазымына Жамбыл облысы Талас аудандық сотының бұрынғы судьясы Жасұлан ЖАҚСЫЛЫҚ тағайындалды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының лауазымына Атырау қалалық сотының судьясы Болатбек ЖҰМАБАЕВ тағайындалды.
Бұдан басқа, елбасының жарлығымен құрметті отставкаға шығуға байланысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Балтуған ФАЙЗУЛЛИНА мен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлнар ХАЖЕНОВА лауазымдарынан босатылды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА