Мексика Еуразиялық экономикалық одақпен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделі, деп хабарлайды БЕЛТА ЕЭК интеграцияның негізгі бағыттары мен макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі Татьяна Валоваяның осы мемлекетке сапар қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарланып отырғандай, бұған дейін Мексика экономика министрлігі, Сыртқы сауда, инвестиция және технология жөніндегі кәсіпкерлік кеңесі, ел үкіметі жанындағы «ПроМексико» қоры мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Мексика агенттігінің басшылығымен кездесулер өткен болатын.
«Мексикалық серіктестер ЕАЭО елдерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделі және Еуразиялық экономикалық комиссиямен тікелей байланыс орнатқысы келетінін мәлімдеді. Мексика экономика министрінің сыртқы сауда бойынша орынбасары Франциско Розенцвейг Мексика үкіметі мен ЕЭК арасында өзара түсіністік туралы меморандум бекіту идеясын көтерді», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Бұған қоса, мексикалық тарап жақын арада Мексика бизнес қауымдастықтарының өкілдері мен ресми тұлғаларына Еуразиялық экономикалық одақты ресми түрде таныстыруды ұсынды. Бұл бастаманы Татьяна Валовая да қолдады.
Дереккөз: bnews.kz
9 желтоқсан 2015, 09:49