Атырау, 26 қараша 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қажет болған жағдайда Түркия Ресейге қарсы жауапты санкцияларды енгізе алады - премьер

2 353 просмотра

Image 0Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлы қажет болған жағдайда Ресейге қарсы жауапты санкциялардың салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Түркия - осындай тәсілдермен проблемаға ұрынатын ел емес. Егер қажет деп тапсақ, жауапты санкцияларды енгіземіз, бұл мәселе дүйсенбі күні өткен үкіметтің отырысында талқыланды. Бірақ Ресеймен арадағы күйзелісті еңсереміз және мұндай шараны қолданудың қажеті болмайды деп үміттенеміз", - деді үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы Сирия-Түркия шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 желтоқсан 2015, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.