Атырау, 29 қараша 07:41
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Нан тек Жаңа жылға дейін 50 теңге болады

2 928 просмотра

Image 0Қалалық әкімдік облыс басшылығымен «әлеуметтік нанның» бағасын мақұлдады – Жаңа жылға дейін ол жарты келі бөлке үшін 50 теңге деңгейінде қалады. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қадырғали ТҰРҒАНОВ хабарлады.

Атырауда екі ай бұрын шамасында нан 45-тен 50 теңгеге дейін қымбаттады («“Әлеуметтік нан" 5 теңгеге қымбаттады»). Қ.Тұрғановтың айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға қандай болатынын ешкім білмейді. Алайда қарашада наубайшы-кәсіпкерлер алдағы уақытта екі есеге дерлік қымбаттайды деп мәлімдеген еді. Әйтпесе олардың бизнесі пайдасыз болмақ 1 қаңтардан бастап «әлеуметтік» нан 80 теңге болады»).

Бәрі де ұн бағасына байланысты болады. Тұрғанов хабарлағандай, қалалық әкімдік оралдық ұн тартушылармен Атырауға келісін 67 теңгеден бір мың тонна «әлеуметтік» ұн жеткізу туралы келісімшарт жасаған. Бұл Жаңа жылға дейінгі қалалық наубайханаларға арналған қор болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 желтоқсан 2015, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.