Атырау, 26 қараша 12:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Украина: Қырымға электр қуаты беріле бастады

1 595 просмотра

Image 0

Украина билігі электр бағандарында болған жарылыстан екі апта жарықсыз қалған Қырымға электр қуатын бере бастағанын хабарлады.

Қарашаның 22-сіне қараған түні Украинаның Херсон облысындағы үлкен электр бағандарында болған жарылыс салдарынан Қырымға электр қуатын беру шектелген еді. Апаттан Қырымның 2 миллион халқы жарықсыз қалып, мектептерде "кезектен тыс каникул" жарияланған.

"Біз Қырымға электр қуатын жеткізуді қайта бастауды қарастырып жатырмыз" деді "Укрэнерго" компаниясының басшысы Игорь Босько.

Херсон және Николаев облыстарына электр тасымалдайтын Каховская қосалқы станциясының жұмысы қалпына келуге жақын қалғанымен, зақым келген қалған үш электр желісі сол күйі іске қосылмай тұр.

Қырым электр қуатының көбін Украинадан алады. Мәскеу жоспарлаған Қырым мен Ресейдің ішкі аймағын жалғайтын электр тасымалдау желісінің алғашқы кезеңі осы айдың соңына дейін іске қосылмайды.

Қырым электр қуатынан ажыратылған соң украинашыл белсенділер, оның ішінде этникалық татарлар Херсон облысындағы электр желісін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға барған жұмысшыларды ол жерге жібермей қойған.

Бірақ кейін келіссөз нәтижесінде татарлар жетекшісі Ленур Исмаилов жұмысшыларға қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға рұқсат етілгенін хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

8 желтоқсан 2015, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.