Атырау, 29 қараша 07:50
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тегін нан таратқан мейірімді жан

3 576 просмотра

Жилгородоктағы «Китайка» дүкені екі аптадан бері зейнеткерлерге тегін нан таратуда. Бұл акцияға белгісіз болып қалуды жөн көрген қала тұрғыны бастамашы болған.

Ксения, есімін солай аталық, зейнеткерлерге тегін нан беру, егер олар қаласа қолдарына екі-үш бөлкеден ұстату жөнінде дүкен қожайынымен келісім жасаған.

Дүкенде ақша төлеп тұрған бір әжейдің нан алуға ақшасы жетпей қалғанын көрген кезде басыма осындай ой келді, - дейді қыз. – Қалтыраған қолымен қажетті соманы жеткізе алмай, күрсініп дүкен сөресінен бұрылып кетіп бара жатқанын көру ауыр тиді... Әрине, мен оған көмектестім, мұны үлкен жетістік деп есептемеймін. Бірақ осындай қариялар қазір көп, Жаңа жылдан кейін нанның бағасы 80-ге көтерілген кезде одан сайын көбейеді деген ой мықтап орнығып алды.

Қыз қолынан келгенше үлесін қосуды ұйғарады: бірінші жексенбіде ол сатушыға он бес бөлке үшін ақша береді. Бұл тез арада ауданға жайылып, мұндай мөлшер жетпейтін болды. Енді дүкенде тегін берілген нанды Ксенияға қарыз етіп жазып қоятын болған.

Шыққан соманы төлеуге шамам жетеді. Осы дүкенде, менің өтінішім бойынша, сол күні нанның тегін берілетіні жөнінде хабарландыру ілінді. Әлеуметтік желілерде де бұл қозғалыс жанданып келеді, - дейді ол. – Басқа көптеген қала тұрғындары өз ықшамаудандарындағы дүкендерде осындай тұрақты акция ұйымдастыруды жоспарлауда.

Өткен жексенбіде біз «Китайка» дүкенінде қариялар арасында тегін нан қаншалықты сұранысқа ие екенін тексеру үшін азғана кезекшілікте болдық. Бір сағат ішінде, таңертеңгі сағат 10-нан 11-ге дейін дүкенге бес егде жандар кіріп, бәрі бір адамдай сол жерден бірнеше бөлке ыстық нан алып шықты. Ешкімді ыңғайсыздандырмас үшін жақындап барып, әлдене деп сұрамадық. Алайда олардың жүздерінен риза екендері көрініп тұрды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

8 желтоқсан 2015, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.