Атырау, 19 мамыр 18:10
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мәскеудің орталығында аялдамада жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті

2 395 просмотра

Image 0Фото: NEWSru.comБұдан бұрын Мәскеудің орталығында автобус аялдамасында болған жарылыс себебі қолжан жасалған жарылғыш пакет болуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.

АСТАНА, 8 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Мәскеуде Покровка көшесінде аялдамада жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті, үшеуі ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды РИА Новости Мәскеу денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

"Барлығы төрт адам зардап шеккен, оның үшеуі ауруханаға жатқызылды (екі әйел және ер адам— ред.) Склифосовский атындағы жедел жәрдем ҒЗИ-да төртінші адам ауруханаға жатудан бас тартты… Жарақаттары ауыр емес", — деп хабарлады Мәскеу денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында жарылғыш зат техникасы мамандары жұмыс істеуде.

Бұдан бұрын Мәскеудің орталығында автобус аялдамасында болған жарылыс себебі қолжан жасалған жарылғыш пакет болуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

http://newskaz.kz

8 желтоқсан 2015, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.