Атырау, 26 желтоқсан 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Әзербайжан өрт салдарынан көз жұмған мұнайшылардың денесін табу үшін Каспий елдерінен көмек сұрады

1 835 рет қаралды

Image 0Фото: sputnik.azӘзербайжан «Гюнешли» кенішіндегі өрт салдарынан көз жұмған мұнайшылардың денесін табу мақсатында каспийлік бассейн елдерінің шекара қызметкерлерінен көмек сұрады. Бұл жайында жексенбі күні баспасөз конференциясында Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының вице-президенті Халиг Мамедов мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Мемлекеттік мұнай компаниясы өрт зардабынан көз жұмған мұнайшылардың денесін табу үшін Қазақстан, Түрікменстан, Ресей, Иран елдерінің шекара қызметкерлерінен көмек сұрады»,- деді ол. Мамедовтың айтуынша, теңіздегі күшті толқындар салдарынан мұнайшылардың денелері осы мемлекет шекарасындағы жағажайларға өтіп кетуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ, компанияның вице-президенті қазіргі уақытта 29 адам із-түзсіз кеткенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясына тиесілі терең суда бұрғылау платформасындағы өрт жұма күні жергілікті уақытпен сағат кешкі 17:40-да басталды. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратынша, тілсіз жаудың тұтануына газдың шығуы себеп болған.

Дереккөз: bnews.kz

7 желтоқсан 2015, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.