Атырау, 5 желтоқсан 12:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда сақшылар суға кеткен қызды құтқарды

3 091 рет қаралды

6 желтоқсанда сағат 17.10 шамасында «102» полиция пультіне Әлиев – Сатыбалдиев көпірінен бір қыз секіріп кетті деген хабар келді.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оқиға орнына учаскелік инпекторлар Қуаныш СҮЙІНДІКОВ пен Нұрлыбек КЕНЖЕҒҰЛОВ жіберілді. Аталған жерге келген сақшылар Жайық өзеніне қыздың батып бара жатқанын көріп, киімдерімен суға секіріп, оны жағаға алып шықты. Қыздың тұлғасы анықталды. Ол 23 жастағы Привокзальный ықшамауданының тұрғыны екен. Полицейлер зардап шегушіні өз көліктерімен облыстық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің тексеруі мен профилактикалық әңгімелесуден кейін қызды үйіне жіберді. Бұл фактіні облыстық ТЖД-ның батыс өңірлік аэромобильдік құтқару отряды растады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 желтоқсан 2015, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.